Мұрат Манапұлы Әбдіхалықов
1984 жылы Түркістан (бұрынғы ОҚО) облысы, Төлеби ауданы, Алатау ауылында туған. Орта мектепті аталған елді мекенде оқыған.
Білімі мен біліктілігі:
2001-2006 жылдары аралығында Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Филолог-шығыстанушы: араб тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша оқып, үздік аяқтаған;
2006-2007 жылдары аралығында ҚР Қарулы күштері қатарында өзінің әскери борышын өтеген;
2010-2012 жылдары аралығында Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Аударма ісі: Ілеспе аудармашы» біліктілігі бойынша магистратурасын тамамдап, Аударма ісінің магистрі ғылыми дәрежесін иемденген;
2015-2017 жылдары аралығында Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасында оқып, «Дінтану» магистрі ғылыми дәрежесін алған.
2009-2010 жылдары аралығында әртүрлі басылымдарда, телевизия саласында тілші болған;
2012-2013 жылдары аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушы болған;
2013-2014 жылдары аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің маманы болып қызмет атқарған;
2014-2019 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті;
2019-2021 жылдары Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти бұйрығымен «MUFTIYAT» баспасының директоры қызметіне тағайындалды.
Отбасы құрған, 3 баласы бар.