Әр күнін ораза ұстап, сансыз құлшылық жасап, дұға-тілекпен өткізген қасиетті Рамазан айымен де қимай-қимай қоштастық. Алла тағаланың рақымы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл айды әлі талай еске алатынымыз хақ. Десек те, қасиетті айды іле-шала Айт мерекесі де жетіп, дүние мен ақыреттің ғажап құндылықтарын сездіріп, жүрегімізді ерекше рақат сезіміне бөледі. Бұл мереке бір айлық оразадан кейінгі жалпы халықтық ауызашар іспетті. Өйткені дінімізде бұл айт «әл-ъидул-фитр», яғни «ауызашар айты» деп аталынады.
Греция астанасы Афинада тұратын мұсылмандар «Афина Ледро Марриотт» қонақ үйінде ауыз ашар берді. Бұл дастархан түрлі саладағы адамдардың бас қосуына ұйытқы болды. Атап айтқанда саясаткерлер, өнер адамдары...
Қостанайда салтанатты түрде жаңа мешіттің алғашқы тасы қаланды. Мешіт жайлы орын, Маяковский көшесінде орналасатын болады. Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин салтанатты шараға қатыса отырып, жаңа мешітті салу туралы шешім екі жыл бұрын қабылданғандығын жеткізді.
Бүгін, Мұсылман үмбетіне Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған, нұр шашқан Рамазан айының соңғы күні. Ертең, қыркүйектің 9-ы күні Ораза айт мерекесі басталады.
Халықаралық ақпарат қауымдастығы Мадрит қаласында 2 қыркүйекте Испаниядағы араб мәдениеті орталығының көмегімен жүзеге асқан Рамазан кештері фестивалі басталғанын хабарлады.
Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет қалыптасқан дәстүр бойынша Діни басқармада Ислам дінін қабылдаған орыс, украин, кәріс, неміс, латыш ұлттарының өкілдерінен тұратын бір топ азаматтарға қасиеті Қадір түні қарсаңында ауызашар берді. Ол мұсылман болған бауырларын құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ислам дінінің асыл құндылықтары жайлы уағыз айтып, оның негіздерін түсіндірді.
Қызылордалықтар Рамазан айының 27-түні мың айдан да қайырлы Қадір түнін облыс орталығындағы мешітте өткізіп, Ислам таңын күтіп алды. Мешітте жиналған мүминдер жамағатына уағыз айтылып, дұға оқылды. Онда жиналғандар таң ағарып атқанша жаратушы иеден тілек тілеп, Аллаһқа мінажат етумен болды. Сыр өңіріне қасиетті Рамазан айында Ауғанстаннан арнайы келген қарилар тарауих намазын оқып, Құран қатым етті.