Меню

     

 

     

Кестелер

 

     

Намаз үйренейік

 

 
     

Намаз уақыты

     

Құран онлайн

     

Статистика

     

 


ХАЛЫҚ АЙТСА, ҚАЛЫП АЙТПАЙДЫ

Мұнан біршама уақыт бұрын Бас мүфти поштасына Қостанай облысы, Жітіқара қаласындағы Ержан Тәтішев мешіті мен оның имамы Саидфазыл Саидрасулұлы туралы жылы лебізге толы бірнеше хат келіп түскен-ді. Әлбетте, дін қызметкеріне сенім артып ризашылығын білдіруі сүйінішті. Енді оның бірқатарымен қалың жамағатты таныстыралық. Соның бірін аудан жұртшылығы атынан көп кісі қол қойып жолдапты. Ұзақ жазылған хаттан үзінді келтірелік: «Бүгінгі таңда дінін, тілін ұмытқан жастар үшін Ислам дінін қазіргі заман талабына сай насихаттап түсіндіру күрделі мәселе. Руханиятқа шындап бет бұрған халықтың көзін ашып, орыстанып кеткен жергілікті тұрғындардың ойынан шығып, жастар жүрегіне жол тапқан аудан имамының еңбегі, расында да, елеулі. Оған қай кезде, қандай мәселемен барсаң да жылы жүзбен қарсы алып, тез шешеді. Жауабы ұғынықты да түсінікті. Бұл мешітке жалпы көпшіліктің,  әсіресе, жастардың ынта-ықыласы күшті. Имамның таза ниеті, қызметіне адалдығы, ұйымдастырушылық қабілеті, жанашырлығы, ұстаны-мына беріктігі, жоқ-жітіктерге қамқорлығы мұсылмандардың бұл мешітке деген құрметін арттыруда. Әр жұма намазында айтқан уағыздарын тыңдаушы ризашылықпен қабылдауда. Жетпіс жыл атеистік қоғамда діннен, тілден айырылып, өзіміз тәуелсіз ел болғаннан кейін ғана Құранның қазақша мағынасын дұрыс түсіндіріп, нағыз мұсылманға тән қайрымдылық, мейірімділік, кешірімділік, рақымдылық, қана-ғатшылдық секілді адами ізгі қасиеттерді сөз жүзінде ғана емес, иманды азамат бойынан табыла-тын мысалын көріп имамның білімдарлығы мен ісіне тәнтіміз. Осының нәтижесінде жастардың ұлттық сана-сезімі оянып, дінімізге деген көзқарастары жақсы жағына өзгеріп, жансақ пікір мен қате түсініктерден арылып келеді. Имам осынау ізгі қызметін мұнан әрі де жалғастырады деп аудан халқы оған сенім артады».

Әрине, діндардың күнделікті қызметі көптің көз алдында. Көптің аты - көп. Оған бірі сынай қараса, екіншісі - оның бойынан діндар-тақуаға тән ізгі қасиеттерді көргісі келетіні хақ. Асыл дініміз енді ғана қайта орнығып жатқанда діндар-лар адамгершілік қасиеттерімен танылып, көпке үлгі болып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?!

Жастар - еліміздің де, дініміздің де келешегі. Иманды жастар ғана ізгі қоғам құра алады. Ал, имандылықтың бастауы тек Ислам. Жер-жерде ата-бабамыздың асыл діні мешіттер арқылы насихатталып тарауда. Жітіқара мешітінің сауат ашу курсынан діни білім алған бір топ жас бүгінгі өз ортасы туралы былайша ағынан ақтарылыпты: «Арамызда темекі шегуші де, спиртті ішімдік ішуші де жоқ. Әрбіріміз өмірден өз орнымызды таптық. Жұмыс істейміз. Кей-біріміздің шұғылданатын жеке кәсібіміз де бар. Ислам әдебіне сай бала өсіріп, тәрбиелеудеміз. Жыл сайын ораза ұстап, бес уақыт намаз оқимыз.

Көптеген адамдар, әсіресе, жастар шынайы Исламға келуде. Қасиетті Құранды танып, білгісі келуші ұрпақ білім алып, өмірдің түрлі күрделі жағдайымен бетпе-бет ұшырасқанда имамның ақыл-кеңесіне құлақ асады».

Жергілікті мешіттер ондағы әкімшілікпен күнделікті тығыз қарым-қатынасы арқылы өз қызметін одан ары жандандырып, ауқымын кеңейте түсуге мүмкіндік алады. Бұл қарапайым өмірлік қағиданы имам берік ұстануда. 12 жылда ауданда қаншама әкім ауысты. Бас имам оның бәрімен де жақсы қарым-қатынаста болды. Соның бірі Алтынбек Мұстафаев (бұл күнде Әулиекөл ауданында әкім) мешіт аумағын кеңейтуге қолынан келгенінше жәрдемін аямай, қызмет ауыстырар алдында «Волга»  жеңіл автокөлігін сыйлады. Одан соң ауданды бірнеше жыл басқарған тұсында А.Әбенов мырза (бұл күнде Президент аппаратында қызмет етеді) Дінбасы атына жолдаған хатында мынадай пікір білдіріпті: «Қаладағы мешітімізде Саидфазыл Саидрасулұлы көп уақыттан бері имам міндетін абыроймен атқарып келеді. Осы уақыт аралығында мешіт әлденеше рет күрделі жөндеуден өткізіліп, қаламыздың ең көрікті ғимаратының біріне, ал гүлзарлы кең ауласы демалыс орнына айналып үлгерді. Онда жасөспірімдер араб тілі мен қасиетті Құранды оқып үйренуде. Сауат ашу курсы компьютермен жабдықталған. Мешіттің кітапханасынан оқырман үзілмейді. Онда некесін қиғызған жас жұбайлар қатары да көбейе түсті. Төрт жүз кісілік асханасында   некелескен жастардың үйлену тойлары өткізіліп, қайтыс болған кісінің жетісі, қырқы, жылы берілуде, оразада көп кісі ауыз ашады. Мұнан басқа да діни іс-шаралар рет-ретімен өтуде. Халал асханаға қала тұрғындары риза.

Бірнеше тілді меңгерген жоғары діни білімді имам мұндағы кез келген ұлт өкілімен тез тіл табысады, халық арасында беделі күшті. Бәтуалы сөзін жұрт зейін қоя тыңдайды. Уәжіне тұрады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған ұлттар мен конфессияаралық өзара түсіністік пен ынтымақтастық саясаты ая-сында мектептер мен мекемелерге барып, жиі-жиі кездесулер өткізеді. Үлкенді-кішілі жиындарда бірлік пен ынтымақ жайлы сөз сөйлеп, Ислам дінінің асыл құндылықтарын да тиісінше насихаттауда. Мешіттің қоғаммен жасөспірімдердің ру-хани-адамгершілік тәрбиесіне тигізер ықпалының зор екені көкірегі ояу әрбір жанға аян. Сондықтан, рухани-таным көкжиегін кеңейтуге имам алдағы уақытта да өз үлесін қосатынына көпшілік сенімді.

Ол көп жылғы игі де жемісті қызметі үшін «Шапағат» меда-лімен және Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды».

Мешіттің ақылдастар алқасы-ның баяндауынша, өткен оқу жылынан бері жергілікті кол-леджде оқитын тұрмысы төмен отбасынан шыққан үш шәкірттің, атап айтқанда - Руслан Тәкенов, Динара Қуанышбаева мен Әсел Байтілеуованың оқу ақыларын төлеуді өз міндетіне алған. Сонымен қатар үш жарымжан кісіге арнайы мүгедектерге арналған қоларба әперген.

Шалғайдағы бір мешітте атқарылып жатқан игі істер түйіндеп айтқанда - осындай. Ешкімге де алақан жаймай, өзін-өзі қаржыландырумен қатар қайырымдылық іс-шараларын да жалғастырып отырған мешіттің жергілікті тұрғындар тарапынан сүйсіндіріп, ризашылыққа бөлеуі, расында да, орынды.


ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

 

Пікірлер: (0) Қанша рет оқылды:289 Баспаға шығару

Рейтинг:

 (Голосов: 0)
 Қосылған: 7.09.2009


Досыңа жібер

Пікірлер:

Ақпарат

Ақпарат

Сайтқа тіркелмеген адамдар пікірлерін білдіре алмайды.


     

Видеолар

 

 
     

Аудиолар

 

 
     

 Ғибратнама

     

Сахабалар

     

Сұрақ - жауап

     

Рамазан хадисі

    «Ораза ұстаған адамның екі қуанышты сәті бар, бірі ауызашар уақыты, екіншісі Раббысымен қауышатын сәт»

    (Бухари, Таухид, 35; Мүслим, Сиям, 164;)


     

Рамазан