Меню

     

Құттықтаулар

 

 
     

Намаз үйренейік

 

 
     

Намаз уақыты

     

Құран онлайн

     

Статистика

     

 


Дүниең – қабірге дейін ғана серік

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние-мүлікті өткінші қызық деп бағалаған. Мысалы, ол бір хадисінде адамдардың өмір бойы теріп жинаған дүние-мүліктерінің оларға қабірге дейін ғана серік болып, одан арғысын оның еш қажетіне жарамайтынын айтқан: «Үш нәрсе мәйіттің артынан жүреді: бала-шағасы, дүние-мүлкі және іс-әрекеті. Екеуі кері қайтады, біреуі оның жанында қалады. Бала-шағасы мен дүние- мүлкі кері қайтып, жақсылы-жаманды іс-әрекеті ғана жанында қалады» (Муслим, Зухд, 2690). Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағы бір хадисінде:

«Адам баласы дүнием, дүнием дейді. Ей, адам баласы! Жеп бітірген, киіп ескірткен немесе жақсылық жолында жұмсап өзіңнен бұрын (ақыретке) жібергеннен басқа қандай мал-мүлкің бар - деген (Муслим, Зухд, 2959).

Осы хадиске сәйкес Шортанбай ақын:

Алтын-күміс абзалың

Өлгеннен соң не керек?

Өлген малың - иманың,

Тіріде қамын жиғаның.

Аманатын алғанша

Жалғанда бар ма қиғаның, - деп жырлаған.

           (Ай, заман-ай,заман-ай, I, 277-б.).

 

Пікірлер: (1) Қанша рет оқылды:1403 Баспаға шығару

Рейтинг:

 (Голосов: 14)
 Қосылған: 15.02.2010


Досыңа жібер

Пікірлер:

  • syban_kz Келіп кетушілер Жаңалықтар: 0 Пікірлер: 1
  • қандай керемет! ! !
    Написано от 20 Февраля 2010 23:26
Ақпарат

Ақпарат

Сайтқа тіркелмеген адамдар пікірлерін білдіре алмайды.


     

Видеолар

 

 
     

Аудиолар

 

 
     

 Ғибратнама

     

Сахабалар

     

Сұрақ - жауап

     

Рамазан хадисі

    «Уа, жастар! Араларыңыздан үйленуге жағдайлары барларыңыз үйленсін. Үйлену – көзді харамнан, бойды күнәдан сақтайды. Үйленуге жағдайы жетпегендер ораза тұтсын. Себебі ораза ол үшін қалқан»

    (Бухари, Саум, 10; Әбу Дәуд, Никаһ, 1)