Меню

     

Құттықтаулар

 

 
     

Намаз үйренейік

 

 
     

Намаз уақыты

     

Құран онлайн

     

Статистика

     

 


Пайғамбарымыздың кішіпейілдігі

Атақ-даңқы шартарапқа жайылып, мұсылмандықты қабылдағандардың саны артқан сайын Пайғамбарымыз-дың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кішіпейілділігі тереңдей түскен. Ол өзін үнемі айналасындағы адамдармен тең көріп, өзін ешқашан олардан артық санамаған. Біреу «Менің үйдегі шаруама көмектесіп жібер», - десе, барып көмектескен. Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ расулы үй ішінде киімін өзі жамап, аяқ киімін өзі жөндеп, әйелдерінің үй шаруасына жәрдем ететін», - дейді (Тирмизи, Шәмаил, 78). Мешіт құрылысында ел бір кірпіштен тасып жатқанда екі кірпіш тасып, ор қазу ісінде ел бір тастан тасығанда беліне  екі тастан байлап тасыған. Алдына келіп айтқысы келген сөзін жеткізе алмай дірілдеп отырған адамға: «Бауырым қорықпа, мен де сен сияқты қара нан жеп өскен бір ананың баласымын», - деген Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамзаттың ең сыпайысытұғын. Қады Ияд осы тамаша қасиет жайында: «Аллаһ тағаланың нәсіп еткен жоғары дәрежесіне қарамастан Пайғамбарымыз өте кішіпейіл еді. Ешқашан тәкаппарланбайтын. Атқа мінгенде артына адам отырғызып, кедей-кепшіктің үйін аралап, пақырлармен емін-еркін әңгімелесетін. Құлдардың шақыруын қабылдап, қонаққа баратын. Сахабаларымен араласып, бір жиынға барғанда басқа адамдарды орындарынан тұрғызып әуреге түсірмеу үшін шеттегі бос орынға жайғасатын», - дейді (Қады Ияд, әш-Шифа, I, 101-б).

 

Пікірлер: (1) Қанша рет оқылды:1074 Баспаға шығару

Рейтинг:

 (Голосов: 13)
 Қосылған: 19.02.2010


Досыңа жібер

Пікірлер:

  • arman_94 Келіп кетушілер Жаңалықтар: 0 Пікірлер: 10
  • Пайгамбармызга(с.а.с.) салауаттар болсын!!!
    Написано от 8 Июня 2010 18:31
Ақпарат

Ақпарат

Сайтқа тіркелмеген адамдар пікірлерін білдіре алмайды.


     

Видеолар

 

 
     

Аудиолар

 

 
     

 Ғибратнама

     

Сахабалар

     

Сұрақ - жауап

     

Рамазан хадисі

    «Уа, жастар! Араларыңыздан үйленуге жағдайлары барларыңыз үйленсін. Үйлену – көзді харамнан, бойды күнәдан сақтайды. Үйленуге жағдайы жетпегендер ораза тұтсын. Себебі ораза ол үшін қалқан»

    (Бухари, Саум, 10; Әбу Дәуд, Никаһ, 1)