Меню

     

Құттықтаулар

 

 
     

Намаз үйренейік

 

 
     

Намаз уақыты

     

Құран онлайн

     

Статистика

     

 


«Сабырлық таныт»

Аллаһ елшісі шексіз сабырлы еді. Ғұмырында өзіне жамандықты көп жасаған: қасынан өтіп бара жатып түкіргендер де, намазда сәждеге барған кезінде басына түйенің қарнын ақтарғандар да, жолына тікен шашып, тас лақтырғандар да, келеке етіп мазақ қылғандар да, отбасына адам жаны түршігерлік жала жапқандар да, жанындай жақсы көретін достарын өлтіріп, жанын сыздатқандар да болды, бірақ Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) еш мойымай, бәріне төзімділік танытты. Себебі, Аллаһ тағала:

«(Расулым) қазір сен сабыр ет. Аллаһтың уәдесі шындық екенін біл. Ал бұған сенбейтіндер сені мойытпасын»; (Рум сүресі, 60).

«Раббыңның үкімдеріне сабырлық таныт. Себебі сен біздің көз алдымыздасың. Орныңнан тұрар кезде де Аллаһқа шүкірлік айтып ұлықта»; (Тур сүресі, 48).

«(Расулым) сен олардың айтқандарына сабыр ет», - деп әмір еткен-ді (Сад сүресі, 17,). Мағриб ғалымдарынан Қады Ияд бұл жайында: «Пайғамбарымыз өзіне жасалған жамандықтарды жазалауға шамасы келсе де сабырлық танытып, кешірім жасауды дұрыс көргені жайында өте көп деректер бар. Жетістікке жеткенге дейін құрайыштың көрсеткен қорлықтарына, қараңғылық дәуірдің надандығын паш ететін жәбірлерге сабыр етіп, шыдамдылық танытқаны жөнінде кітаптарда бұлтартпас дәлелдер көптеп кездеседі»,- деп айтқан.

 

Пікірлер: (0) Қанша рет оқылды:1159 Баспаға шығару

Рейтинг:

 (Голосов: 10)
 Қосылған: 25.02.2010


Досыңа жібер

Пікірлер:

Ақпарат

Ақпарат

Сайтқа тіркелмеген адамдар пікірлерін білдіре алмайды.


     

Видеолар

 

 
     

Аудиолар

 

 
     

 Ғибратнама

     

Сахабалар

     

Сұрақ - жауап

     

Рамазан хадисі

    «Уа, жастар! Араларыңыздан үйленуге жағдайлары барларыңыз үйленсін. Үйлену – көзді харамнан, бойды күнәдан сақтайды. Үйленуге жағдайы жетпегендер ораза тұтсын. Себебі ораза ол үшін қалқан»

    (Бухари, Саум, 10; Әбу Дәуд, Никаһ, 1)