Меню

     

Құттықтаулар

 

 
     

Намаз үйренейік

 

 
     

Намаз уақыты

     

Құран онлайн

     

Статистика

     

 


Құранға құрмет – мүмінге міндет

Ислам діні Алла тағаланың нығметімен Құран Кәрім болып түсті. Бұл Құран кәрімді пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы адам баласына таратты. Құранның түсе бастауы хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) соңғы пайғамбар екенін білдіреді. 610 жылы Рамазан айын-да дүйсенбі күні пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хира тауындағы үңгірде бар болмысымен Аллаға беріліп отыр еді. Осы кезде періштелердің ең ұлысы Жәбірейіл (ғ.с.) Алланың әмірі бойынша пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Оқы!» дейді де, әмірін үш рет қайталайды. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Не оқимын?» деп сұраған кезде Жәбірейіл (ғ.с.) Құран Кәрімнің бес аятын жеткізеді. Осылайша алғашқы уәһи келіп, Құран Кәрім кейде аят-аят, кейде сүрелер болып бөлек-бөлек жиырма үш жылда толығымен түсті.

Құран Кәрім алдындағы міндетіміз:

1. Әрбір мұсылман Құран Кәрімнің Алла тағаланың сөзі екеніне сеніп, әрі оны қатесіз тәжуид қағидаларына сәйкес оқуы қажет.

2. Құран Кәрімді дәрет алғаннан кейін ғана қолға ұстап, оқырда «әғузу», «бисмилләмен» бастауы тиіс. Құранға ең жоғарғы дәрежеде құрмет көрсетіп, мүмкіндігінше құбылаға қарап оқыған жөн.

3. Құран Кәрім таза жерлерде оқылады. Басқа істермен шұғылданып жатқан немесе Құранды тыңдамаған кісілердің жанында және лас жерлерде Құран оқылмайды.

4. Басқа бір кісі Құран оқып жатқанда, оған құрмет көрсетіп, әрі оны тыңдау керек.

5. Құран Кәрім әмірлерін орындап, тыйым салынған істерден сақтанып, Құран кітабымен амал етуге әрекеттену қажет.

Құран оқудың игілігі жайында пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қа-сиетті хадистері де көп. Мәселен, «Сіздердің ең қайырлыларыңыз (жақсыларыңыз) - Құранды үйреніп, әрі оны басқаларға үйреткендеріңіз», «Кімде-кім Құран кітабынан бір аят тыңдаса, оған көп сауап беріледі», «Кім Құраннан бір аят оқыса, қиямет күні өзіне нұр болады», «Кімде-кім Құраннан бір әріп оқыса, ол үшін бір сауап болады. Ал әр сауап он есе көбейтіліп беріледі», «Кім Құран Кәрімді оқып, сол бойынша әрекет етсе, қиямет күні оның ата-анасының басына сондай тәж кигізілетіні соншалық, оның нұры дүниедегі күн сәулесінен де жарық болады», «Таңертең шығып, Алланың кітабы - Құраннан бір аят үйренуің - сен үшін жүз рәкағат намаздан да қайырлы!» дейді ұлық пайғамбарымыз (с.ғ.с.).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаланың алдында 7-ші аспанда болған кезде (жеткенде) Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарды кездестіреді. Бұл аспан барлық әуе сәулелерінен тоқылып, керемет өрнектелгені соншалықты, тілмен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Тек осы аспан тұрғындарының бірін айтсақ, соның өзі жеткілікті шығар, сірә. Бұл тұрғынның денесі бүкіл жерден әлдеқайда үлкен, өзінің жетпіс мың басы, әр басында жетпіс мың ауыз, әр аузында жетпіс мың тіл бар екен, әр тілі жетпіс мың тілде сөйлейді және бәрі де құдіретті Жаратушыны мадақтайды.

Мұхаммед (с.ғ.с.) осы таң-ғажайып жаратылысқа қызықтап тұрғанда керемет дыбыс естіледі. Жапырақтары пілдің құлағына ұқсайтын ағаштың бұтақтарында ұшып-қонған құстар, бәрі Құрандағы теңдесі жоқ өлең жолдарын ән-әуенге қосады. Алғашқы Құранның оқылуын Мұхаммед (с.ғ.с.) осы жерде есіткен екен.

«Құранды музыкалық ән мен күйге, сарын мен ырғаққа келтіріп дауыстап жатқа оқы дейді». (Абай, Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 1969 ж. 134-бет). Құранды көпшілік жерде имам, білімді қонақ, жасы үлкен кісі оқиды.

Сондықтан, кім қасиетті Құранды дұрыс, әрі мәнерлеп ән-әуенге, ырғаққа салып оқығысы келсе, оны жетік үйренуге көңіл бөлу керек. Өзім Құранды бабам Бейсе, әкем Таштан үйренгенмін. 6 жасымда әкемнің Құран оқу мәнерін магнитофонға жазып алғанмын. Сондай-ақ, медреседе оқыған шәкірттердің мақамына зейін қоямын. Сіздерді де осындай білім үйренуге шақырамын.

Ержігіт ТАШҰЛЫ,

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.

Отырар ауданы,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

Пікірлер: (1) Қанша рет оқылды:950 Баспаға шығару

Рейтинг:

 (Голосов: 11)
 Қосылған: 3.03.2010


Досыңа жібер

Пікірлер:

  • 2132 Келіп кетушілер Жаңалықтар: 0 Пікірлер: 3
  • Аллах тағала Иманымызды арттырсын! ИншаллаҺ
    Написано от 10 Марта 2010 15:59
Ақпарат

Ақпарат

Сайтқа тіркелмеген адамдар пікірлерін білдіре алмайды.


     

Видеолар

 

 
     

Аудиолар

 

 
     

 Ғибратнама

     

Сахабалар

     

Сұрақ - жауап

     

Рамазан хадисі

    «Уа, жастар! Араларыңыздан үйленуге жағдайлары барларыңыз үйленсін. Үйлену – көзді харамнан, бойды күнәдан сақтайды. Үйленуге жағдайы жетпегендер ораза тұтсын. Себебі ораза ол үшін қалқан»

    (Бухари, Саум, 10; Әбу Дәуд, Никаһ, 1)