Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистің жалғасында «ер жетіп, бой жетіп балиғатқа толған шақта баласын үйлендіру яки ұзату ата-анаға парыз» дейді.
Бірде хазірет Омар (р.а.) халифа болып тұрған кезінде елін аралап жүріп бір үйдің тұсынан өтіп бара жатады. Осы кезде әлгі үйден шешесі мен қызының сөздерін құлағы шалып қалады. Шешесі қызына «қызым, сүттің құр өзін сатпа, оған су араластырып сат!» дейді. Қызы сонда «Анашым, халифа Омар сүтке су құйып сатуға қатаң тиым салған жоқ па?» дейді. Шешесі: «Қызым халифа айтса айта берсін. Сен сүтке су құйғаныңды сол көріп тұр дейсің бе?» деп жауап қайтарады. Қызы: «Анашым-ау! Халифа көрмегенмен Алла тағала көріп тұр ғой, одан қалай жасырмақпыз?!» дейді. Әлгі әйелдің қызына дән риза болған халифа Омар осы үйді есіне сақтап әрі қарай жүріп кетеді. Соңынан сол үйге барып өз ұлы үшін қызына құда түседі.