Мысыр еліндегі әл-Әзһар университетінің шейхул Әкбары Мұхаммед Тантауидің дүние салғанына байланысты университет шейхы болып Мысырдың Бас мүфтиі, беделді ғалым Әли Жұма тағайындалуы мүмкін.
Тағайындауды премьер-министр Ахмед Назиф жасағанымен, бұл шешім Египет Араб Республикасының Президенті Мұхаммад Хұсни Мүбәрактің бекітуін күтіп тұр.
Мысыр еліндегі әл-Әзһар университетінің шейхул Әкбары Мұхаммед Тантауи ағамыздың дүние салғаны жайлы бұл ақпарат жанымызды ауыртып кетті...Бүкіл Сунниттердің Көсемі деп аталған аяулы ұстаздың өткен жазда, Елбасымыздың Әлем Діндері Сьезін өткізіп, қорытынды жиынында елмен дидарластырғанында, мұсылман қыз балалар қолқалауымен бұл адамға сәлем беріп, салынып жатқан Елбасымыз Нұрсұлтанның анасы Әлжан Ана есімімен аталған қыз балаларға арналған Медресе Ғимараты құрылысының негізгі кешені құрылысы әлі аяқталмай жатқанын айтып, бата сұраған едік. Шейх бәрімізге Фатиха сүресін қайталатты, білімімізді тексерді, нұрлы жол тіледі. Оның осының алдында ғана Елбасымызға берген батасы, ақ тілегі жүрегімізді жылытып, әкеміздей жақындатқан еді... Аллаһу Тағала иманын саламат етіп, жаннат нәсіп айласын! Ассаламуалейкум, уа Раһматуллаһи уа Баракатүһү! Алды жарық болып, артының қайырын берсін Аллаһ!
Өз пікіріңізді білдіріңіз: