Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде «Qaмqor-Sharapat» орталығының қызметін цифрландыру жұмысы басталды

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 24.04.2024 386 0 пікір
Семейде «Qaмqor-Sharapat» орталығының қызметін цифрландыру жұмысы басталды

Семейдегі облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте ҚМДБ жанындағы «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының қызметін цифрландыру және ақпараттық насихаттау семинары өтті.

Бұл жиынға Астанадан арнайы келген «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы, Семей қалалық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жасұлан Амангелдіұлы және Семей қалалық мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаттары қатысты.

Мейрамбек Қабылбекұлы «QAMQOR SHARAPAT» мекемесінің қызметін цифрландыру бағытыныда атқарылып жатқан шаралар мен халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып жатқан жаңа жобалар жайлы баяндама жасады. Солардың қатарында IT мамандарымен бірлесе отырып дайындалған «Жерлеу» атты қосымшаны таныстырып өтті. Бұл қосымшада жергілікті елдімекендердің маңындағы зираттарды геолокациясы және марқұмның аты-жөні бойынша тізімге алынады. Мұның бір артықшылығы келешектегі ұрпақтары немесе марқұмды зиярат етіп келуші туған-туыстары зираттың нақты қай жерде орналасқанын білмеген жағдайда аталмыш қосымшаға марқұмның аты-жөнін жазып іздесе, орналасқан жерін тура тауып көрсетіп береді.

Жиынның соңында «QAMQOR SHARAPAT» мекемесінің Абай облысы бойынша жауапты өкілі Арман Мелсұлы «QAMQOR SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлын Абай облыстық орталық мешітінің жанындағы мәйітхана жұмысымен таныстырып, салттық қызмет көрсету орталығының атқарып отырған жұмыстары жайлы баяндады.

Семинардан кейін барлық қатысушылар, қалалық мешіт имамдары мен ерікті жамағат Семей қаласы маңындағы жерлеу орындарына барып, зираттарды «Жерлеу» қосымшасына енгізу жұмыстарын жүргізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру