Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Халықтың кезекті гуманитарлық көмегі Ақжайық өңіріне жіберілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 24.04.2024 427 0 пікір
Қызылорда: Халықтың кезекті гуманитарлық көмегі Ақжайық өңіріне жіберілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен кезекті «Қайырымдылық керуені» су тасқыны болған аймаққа жолға шықты.

Нақтырақ айтар болсақ, 4 қайық, 700 дана күрек, 10000 дана қап, 4 дана АЛК форма, 6 руллон целлофан, 100 дана басқа киетін фонарь, ер, әйел, балалар киімі, 10 т картоп, 1 т күріш, 200 қорап кеспе, 100 дана күнбағыс майы, 20 матрас, 20 көрпе тиеген екі бірдей жүк көлігі Батыс Қазақстан облысына жөнелтілді.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қаржылай, азық-түлікпен және қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілгенін хабарлаған едік. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жылу жинауға жергілікті кәсіпкерлер мен Сыр жамағаты демеушілік көрсетуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру