Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашарда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
«Расында Тән қалауын үнемі жүгендеп отыратын бірден-бір жол – ораза ұстау. Осыған дейін ашуымызды тізгіндеуді үйренбеген болсақ, оны ораза үйретеді. Осыған дейін көңіл қалауымызша артығымен тамақтансақ, ораза хадиске сай аз мөлшерде тамақ жеуді үйретеді. Осыған дейін бойымызда тәкаппарлық сезімі көрініс тапқан болса, оны ораза жойып жібереді.
Осыған дейін міскіндерге көңіл бөлмеген болсақ, оразада хәліміз олармен теңесіп, садақа беруге ден доямыз. Міне, ұлық болған Рамазан бір ай бойы мұсылмандық сипатқа сай өмір сүруге тәрбиелейді. Бір айда жамандықтан арылған адам қалған айларда да жағымсыз әрекетке бой алдырмайды» деді ҚМДБ Төрағасы.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру