Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.05.2024 849 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Баку қаласында «Бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік үшін диалог: ынтымақтастық және өзара іс-қимыл» тақырыбында өтіп жатқан VI әлемдік мәдениетаралық форум аясында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилерімен кездесті.  

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Паша-Заде, Қырғыз Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз Закиров, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Нуриддин Холиқназаров, Солтүстік Кипрдегі Түрік Республикасы Дін істері басқармасының басшысы Ахмет Унсал қатысты.

Әзербайжан Президенті түркітілдес мемлекеттердің рухани көшбасшыларына алғысын білдіріп, дін қызметкерлерінің бауырлас халықтардың достық байланысы мен ынтымақ-бірлігі жолындағы қызметіне ризашылығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру