Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАКУДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.05.2024 717 0 пікір
БАКУДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ БАСТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжан астанасы Баку қаласында басталған әлемдік мәдениетаралық форумға қатысуда.

«Бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік үшін диалог: ынтымақтастық және өзара іс-қимыл» тақырыбында басталған VI әлемдік мәдениетаралық форумды Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ашып, шетелден келген дін қайраткерлері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғысын білдірді.

Форум бағдарламасына сәйкес ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасамақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру