Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Асыл айым - Рамазан!

Ибраһим қажы Қарнақбайұлы www.muftyat.kz 14.06.2017 223 0 пікір

Қасиетті Рамазан барлық мұсылмандардың асыға күтетін айы. Рамазан - сауап айы. Рамазан - Құран айы.

            ...Бір келген он екі айда Рамазан,

            Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан-деп, жарапазан жырында айтылатындай бабаларымыз  ежелден оразасын тұтып, намазын үзбеген.

Қасиетті Құранның «Әнкабут» сүресі, 45-аятында: «(Ей, Мұхаммед!) өзіңе уахи етілген кітаптан (яғни, Құраннан) оқы және (рүкіндерін толықтап) намаз өте! Намаз, расында, жиіркенішті істерден және жамандықтан тыяды. Алланы еске алу (басқа құлшылықтың бәрінен) - ұлы. Алла сендердің барлық істеріңді біліп тұрады» - делінген. Бір сөзбен айтқанда, парыз дегеніміз Алланы еске алу, Алланың үкімін орындау болып табылады. Ораза ұстау арқылы да Ұлы Алла Тағаланы еске аламыз.

Қасиетті Рамазан айына мұсылмандар айырықша мән берген. Рамазан айында Алла Елшісі ﷺ тұтқындарды азат ететін болған деседі. Сонымен қатар мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасаушы еді дейді. Құран кәрім осы бір Рамазан айында түсті. Айырықша қасиетті Қадір түні осы айда болады.

Ораза тұтқанда ақшам уақыты кірумен кешіктірмей ауыз ашу, сәре тамағын да уақытында ішуді міндет еткен. Алла Елшісі ﷺ бұл екі сүннетті бұлжытпай орындаған деседі.

Хадисте: «Рамазанда үздіксіз бір күн ораза тұтпаған адам, оның орнына бүкіл бір жыл ораза тұтса да, әлгі бір күннің сауабына қауыша алмайды» делінген. (Тирмизи)

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Әй, иман келтiргендер! Ораза сендерден бұрынғыларға парыз болғандай, Аллаға қарсы келуден сақ болатын шығарсыңдар деп санаулы күндерде сендерге де парыз қылынды…» деп  «Бақара» сүресi, 183-184 аяттарында әмір еткен.

Ораза тұту ақыретте тозақ азабынан қорғайтын, күнәларымыздың кешiрiлуiне себепшi болады делінген.  

Ардақты пайғамбарымыз: ﷺ: «Кiмде-кiм сене отырып, сауабын Алладан күтiп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешiрiледi», – дейді.

Міне, асыл айымыз Рамазанның сауабы осындай. Барлықтарыңызға Ұлы Жаратушы Алла Тағала Рамазанның сауабын берсін!

 

Ибраһим қажы Қарнақбайұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

«Мұхамади» мешітінің бас имамы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат