Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бес уақыт намазда сұралған дұға

Қайырбек Отызбаев, Дінтанушы 05.07.2017 600 0 пікір

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірлік серігі, мүміндердің ардақты анасы Айша (р.ғанһа)  былай дейді: 


"Бірде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сондай жайдарлы, қуанышты отырғанын көрдім. Сосын мен: "Ей, Алланың Елшісі! Маған Алладан сұрап, бір дұға етіп қойсаңыз", - деп өтіндім. 
Алла Елшісі (с.ғ.с.) алақанын жайды да: "Иə, Аллаһым! Айшаның өткен жəне келешектегі күнəларын кешір! Ашық жəне жасырын күнəларын кешіре гөр!" - деп дұға жасады. 


Бұл дұғаға сондай сүйсініп, басымды Алла Елшісінің (с.ғ.с.) құшағына сүйедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):


- Иə, Айша менің мына дұғама сонша қуанып кеттің бе? - деді. 


- Неге мен қуанбайын иə, Алланың Елшісі?! Айшаның күнəларын кешір деп бір Алладан арнайылап дұға сұраған болсаңыз, - дедім.


Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.):


- Уаллаһи Айша! Алла атымен ант етейін. Бұл дұғаны əрбір бес уақыт намазымда үмметім үшін сұрап Аллаға жалбарынамын, - деді".

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат