Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

 Тыйым сөздердің тәрбиелік маңызы

Дәулет қажы Қабидолдин Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің  наиб имамы 17.07.2017 140 0 пікір

 Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі тыйым сөздер тәрбие мен тағылымға толы. Тыйым сөздер арқылы бабаларымыз жас ұрпақтарды жаман әдеттерден барынша сақтандырып отырған. Ғасырлардан бізге жеткен тыйым сөздердің ұлттық тәрбиеде алар орны ерекше деп айтуға болады.

Тыйым сөздерді тізетін болсақ, тұтас бір тәрбиелік маңызға толы өсиет шығар еді. Атап айтқанда: Дастарханды, тамақты баспа деп асты құрметтуге үйретсе, басқа кісінің  мініне күлме, кемтар адамды мазақ етпе деп, оларды құрметтеуді ұсынған. .

 Осындай ырымдардың бір парасы табиғатты, ортаны аялауға бағытталған. Мысалы: Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме,

көкті жұлма, өсіп тұрған ағашты сындырма деп, ғибратты өсиеттер айтқан.

 Бабаларымыз бақилық болған марқұмдарға да құрметпен қараған. Бейіт тұсынан шауып өтпе немесе жүгіріп өтпе деп марқұмдардың мәңгілік мекендерін сыйлауды бұйырған.  Сонымен қатар бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма деп өсиет еткен.

 Халқымыз үлкенді сыйлау туралы да тыйым сөздерде көптеген ғибраттар қалдырған. Үлкендердің жолын кеспе деп оларға жол беру, шығарып салу, күтіп алу, киімін алу, ас ұсыну қатарлы тағылымдарды насихаттаған.

Аталарымыз үлкендер сөйлесіп отырғанда олардың сөзін бөлмеу туралы да айтқан.

Тыйым сөздердің бірқатары адамның болашаққа жарқын көзбен қарауды үйретеді. Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба деген ырымдар жалғыз қалудың қасірет-қайғыға салынудың белгісі деп қабылдап, мұндай әдеттер жасамауды тапсырған. Шашыңды жайма, бетіңді баспа, тізеңді құшақтама, өтірік жылама деген тыйымдар да осындай топқа жатады.

Жұлдызды санама деген тыйымдар осындай жамандық шақыратын ырымдардың қатарына кіреді.

 Халқымыздың мұрасы- мол тағылым бастауы. Тәлім-тәрбиенің қайнар көзі ұлттық тәрбиеде.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат