Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жан тапсыру кезінде мүмінді бес қуаныш күтеді...

www.muftyat.kz 12.09.2017 122 0 пікір

Жан тапсыру кезінде мүмінді бес қуаныш күтеді..

Ғиса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Алланың рұқсатымен өлілерді тірілтетін болған.

Кейбір иман келтірмегендер Ғисаға (оған Алланың сәлемі болсын): «Расында, сен өлілерді тірілтесің, бірақ сен жуырда ғана өлген адамды тірілттің, мүмкін ол әлі өлмеген шығар. Бұл өмірден бұрында озған адамды тірілт», - деген екен. Ғиса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) оларға былай деген екен: «Кез-келген өлген адамды таңдаңдар». Олар болса: «Бізге Сам бин Нухты тірілтіп бер», - дейді. Ғиса (оған Алланың сәлемі болсын) Сам бин Нухтың қабіріне келіп, екі ракағат намаз оқып, Аллаға дұға жасайды. Сонда Алла Сам бин Нухты тірілтеді,  тірілген Сам бин Нухтың сақалы мен шашы ағарып кеткен болады.

 «Саған не болған? Сен бұл өмірден жас кезіңде кетпеп пе едің?», - деп сұрайды одан. Сонда Сам былай жауап берген екен: «Қатты гүрсілді естігенде, Қиямет күні болды ма деп ойлап қалдым. Үрейден шашым мен сақалым ағарып кетті». «Сенің өлгеніңнен бері қанша уақыт өтті?» Сам: «Төрт мың жыл өтсе де, ажал елтуінен арылмадым», - деп жауап береді.

Ибраһим бин Адхам  (оған Алла разы болсын) былай келтірген: шынында, одан былай сұраған: «Егер сен отырсаң, біз сенен бір нәрсе естір ме едік?». Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) айтқан: «Мен төрт іспен айналысудамын. Егер солардан қолым босаса, онда сендердің қастарыңа отыра аламын». Олар сұрайды: «Ол қандай іс?» Ибраһим:

«Біріншісі: мен Қиямет күні туралы ойланудамын. Алла айтқан: «Міне, осы топ Жұмақта болады, ал мына топ Тозақта болады». Қай топта болатынымды мен білмеймін.

Екіншісі: мен келесі нәрсе туралы ойланамын: шындығында, Алла Тағаланың қалауымен әйел адамның аяғы ауыр болып, көктен сәбидің жаны түскенде, нәресте сеніп тапсырылған періште былай сұрайды: «Уа, Алла, бұл бала тақуалардың немесе нашарлардың қатарынан бола ма?» Сол кездегі Алланың мен туралы айтқан жауабын мен білмеймін.

Үшіншісі: Менің жанымды алуға ажал періштесі келгенде, ол менен сұрайды: «Сен мұсылмандарменсің бе әлде иман келтірмегендерменсің бе?» Менің жауабымның қандай болатынын мен білмеймін.

Төртіншісі: Алла Тағаланың күнәһарларға: «Бүгін күнәһарлар тақуалардан бөлініңдер», - деп айтатын сөзі туралы ойланудамын. Қай топқа жататынымды мен білмеймін». Егер Ұлы Алла бір адамды бейқам ұйқыдан оятса, ол үшін не деген бақыт! Біз соңғы сәтімізде Жаратушы бізді қуантуы үшін, Алладан игі амалдар жасауды сұраймыз.

Өйткені мүміндерге Алланың қуанышы өлім кезінде келеді әрі бұл жөнінде Құранда былай айтылған: «Кімде-кім былай айтар болса: біздің Жаратушымыз  Алла дегендер, хақ жолда, яғни, Аллаға және Оның Елшісіне иман келтіргендер, парыздарын (міндетті амалдарын) өтеп, өздерін харамнан (тыйым салғаннан) тыйғандар».

Яхья бин Муғаз осы сөздерді түсіндіре отырып, былай деген: «Бұл адамдар сөздерінде де, істерінде де адал болғандар». «Аллаға иман келтіріп, хақ жолды ұстанғандарды қорқытпау және қамықтырмас үшін, оларды қуандырып әрі былай айтатын періштелер түседі: «Сендерге уәде етілген Жұмаққа қуаныңдар». Сондай-ақ, тағы да былай айтылған:  «Мүміндердің өлімі кезінде оларды бес қуаныш күтеді.

Бірінші — барлық мүміндерге былай айтылады: «Мәңгілік азаптан қорықпаңдар, яғни, сендерге пайғамбарлар мен әулиелер шапағатшы болады. Сендердің соңғы орындарың Жұмақ болады».

Екінші — амалдарын көрсету үшін жасамаған шынайы иман келтіргендерге былай айтылатын болады: «Қорықпаңдар, сендердің амалдарың қабыл болды, ал сауаптарың екі еселенеді».

Үшінші — тәубе келтіргендерге былай айтылады: «Жасаған күнәларыңнан қорықпаңдар, расында, сендердің күнәларың кешірілді».

Төртінші — тақуаларға былай айтылады: «Қайта тірілуден, есеп беруден қорықпаңдар да қамықпаңдар, сендерге Жұмақ сыйланады».

Бесінші — адамдарды жақсылыққа үйретіп, өз білімдеріне сай амалдар жасаған ғалымдарға былай айтылады: «Қиямет күнгі қорқыныштан қорықпаңдар да қамықпаңдар, өйткені Алла сендердің амалдарыңа сай сый береді. Сендерге және сендерге ілесушілерге Жұмақтық сый беріледі».

Бұл адамдар үшін неткен қуаныш! Мұндай бақытқа шынайы әрі лайықты түрде амалдар жасаған мүміндер ғана лайық. Осындай мүміндерге періштелер түсіп, былай айтады: «Сендер кімсіңдер? Сендердің жүздеріңдей көркем жүзді көрмедік, сендердің иістеріңдей жағымды иісті сезбедік». Содан кейін бұл періштелер: «Біз сендердің қорғаушыларымыз әрі Ақиретте сендердің достарың боламыз».

Ақыл иесіне бейқам ұйқыдан ояну қажет.  Бейқам ұйқыдан ояна салған адам асыға Ақирет үшін амалдар жасап, білім мен ыждаһатпен діннің бұйырғандарын орындайды, ал адамдарға қатысты жақсы қарым-қатынаста болады.   

"Танбихул гафилин" кітабынан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат