Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бұл намаздың сауабы он екі жыл құлшылық еткенмен тең

www.muftyat.kz 14.09.2017 3064 0 пікір

«Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді» (51:17)

Алла Тағала былай айтқан: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды» (32:16).

«Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді» (51:17).

Анас ибн Мәлік (оған Алла разы болсын) бұл екі аят ақшам намазынан құптан намазына дейін құлшылық еткен сахабаларға қатысты деп айтқан. Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде құптан намазын үштен бір бөлігіне дейін қалдырып отырған, демек, екі намаздың арасындағы көп уақытты сахабалар құлшылықпен өткізген екен. 

Мұхаммед ибн Мункадир (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім ақшам мен құптан намаздарының арасында қосымша намаз оқыса, сәләтул-аууабин» оқығандай болады (Алла Тағалаға жиі құлшылық ететіндердің намазы) (Мухтасар Кыйямул-Лейл, 73 б.).

 Аууабин намазы екі ракағаттан басталып оқылады (өз қалауынша, одан да көп оқуға болады).

Абдулла ибн әл-Амр (оған Алла разы болсын) айтқан: «Сәләтул-аууабин – бұл ақшам мен құптан арасында оқылатын намаз» (Ибн әл-Мубарак «Аз-Зухд»).

Мүслімнің «Сахих» жинақтарында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұға намазды аууабин намаз деп те айтқаны баяндалған. Аллама Шаукани екі намазды да аууабин деп айтқанда тұрған еш әбестік жоқ деген (Ибн Аби Шайба «Әл-мусаннаф»). Аууаб дегеніміз, күнә жасап қойғанда тәубәсына келуге асығатын адам.

Хузайфа (оған Алла разы болсын) келтірген: «Мен Пайғамбарға келіп, онымен бірге ақшам намазын оқыдым. Ақшам намазын оқып болған соң, ол басқа (қосымша) намаз оқуға кірісті. Қосымша намазды құптан намазға дейін бітіріп, кетіп қалды».

Асвад ибн Язид Ибн Масудтың (оған Алла разы болсын) былай айтқанын жеткізген: «Ақшам намазы мен құптан намазының арасы - намаз оқуға жақсы уақыт».

Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім ақшам намазынан кейін (екі намаздың арасында) бос сөз сөйлемей, алты ракағат намаз оқыса, он екі жыл құлшылық еткендей сауап алады» (Сунан Тирмизи, Ибн Маджа).

Айша анамыз Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім ақшам мен құптан намаздарының арасында жиырма ракағат намаз оқыса, оған Алла Жұмақтан үй тұрғызады» (Тирмизи, Ибн Маджа).

Жоғарыда келтірілгендерге сүйене отырып, төрт мәзхабтың ғалымдары аууабин намазын ақшам намазынан кейін оқуды ұсынады.

Ал  Алла жақсы біледі. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат