Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Әдейі жалған ант беріп қойған адамға не істеу керек?

www.muftyat.kz 14.09.2017 239 0 пікір

«Алла анттарыңдағы бос сөзді тергемейді. Алайда жүректерің істегенді есепке алады» (2:225)

Әдейі жалған ант беріп қойған адамға не істеу керек?

Алла Тағала атымен жасалған анттың үш түрі болады: ғамус, ляғу және мунакида.

Ғамус деп өткен немесе қазіргі уақытта болып жатқан әлдебір оқиғаға байланысты әдейі жасалған жалған антты айтады. Мысалы, егер адам қарызын өтемей тұрып, оны толықтай өтедім десе немесе егер адамның қалтасында көлемді сома бола тұра ақшам жоқ деп ант етсе, бұл ғамус ант болады. Мұндай ант үлкен күнә болып табылады. Көптеген хадистерде келтірілгендей, жалған ант беру Аллаға серік қосу, өлтіру, ата-анаға бағынбау сияқты ұлы күнәлар санатына жатады, сондай-ақ, жалған ант — адамның тозаққа түсуінің себебі болуы мүмкін. 

Ханафи, ханбали және малики мәзхабтарында жалған ант бергені үшін кәффәрат (өтелімі) жоқ.  Жалған ант берген адам Алла Тағаладан кешірім сұрап, жасағаны үшін тәубәға келуі керек.  Жалған ант Алла Тағалаға деген құрметсіздік болып табылады әрі мұндай ұлы күнәдан кәффәрат арқылы құтылу мүмкін емес. Хадистердің бірінде бес нәрсе кәффәратты талап етпейді делінген, сол бес нәрсенің бірі болып жалған ант айтылған (Шавкани, Найлюль-Аутар, 8/264).

Бұл жерде кәффәрат талап етілмейді деп айтылуда кәффәраттың жалған айт сияқты үлкен күнәні кетіре алмайтындығы меңзелуде. Сондықтан жалған ант берген адам осы күнәсі үшін Алла Тағаладан кешірім сұрап, мұндай күнәні ендігәрі жасамауға нық ниеті болуы тиіс.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат