Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қасиетті саналатын жерлерден топырақ пен тастар алуға бола ма?

www.muftyat.kz 10.10.2017 486 0 пікір

 

Меккені жаулап алған күні Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтіреді:

«Меккені жаулап алғаннан бастап, хижра жоқ. Тек Алла жолындағы ижтиһат пен ұмтылу бар. Сондықтан сендерді тудың астына жиналуға үндегенде, бірден жиналыңдар!».

Содан кейін Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзін жалғастырып:

«Алла көктер мен жерді жаратқан сәттен бастап бұл жерді қасиетті еткен. Заманның ақырына дейін бұл жер Алланың қасиетті жері болып табылады. Маған дейін бұл жерде ешкімге қан төгуге рұқсат етілмеген.  Ал маған уақытша ғана рұқсат етілді. Бұл жерді Алла Қиямет күніне дейін қасиетті етті. Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, бұл жерде қан төгуіне рұқсат жоқ. Бұдан бөлек, осы жерде өсіп тұрған тікенекті де жұлуға болмайды. Бұл жерде өмір сүретін жануарларды аулауға, табылған мүлікті жинап алуға және өсіп тұрған шөбін шабуға  болмайды» дейді.

Сонда Ибн Аббас (оған Алла разы болсын): «Уа, Алла Елшісі! Изхир шөбіне рұқсат болсыншы» деді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Изхир шөбіне рұқсат», - деген екен.  (Бұхари).

Имам Шафиғи (оған Алланың рақымы болсын) бұл жердегі ағаштарды кесу жазаға тартылуды талап етеді деген. Ал имам Әбу Ханифа (оған Алланың рақымы болсын): «Бұл жағдайда адам оның құнын төлеуі керек» деген.

Ал қасиетті жерлерден Зәм-зәм суы мен құрма алып келудің еш әбестігі жоқ. Алайда топырақ пен тастарды әкелуге тыйым салынған. 

Жоғарыда келтірілген хадисте айтылғандай, Алла бұл жерді Қиямет күніне дейін қасиетті еткен, тіпті онда өсіп тұрған тікенектерге дейін жұлуға тыйым салынған. Сол жердегі тастарды да Алла Тағала қасиетті еткен. Оларды алу — қасиетті затқа құрмет көрсетпегендік болып табылады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат