Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Отағасын риза қылудың 6 жолы

www.muftyat.kz 12.10.2017 2396 0 пікір


  1. Құрмет.

Бәрінен бұрын, әрбір ер кісі әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда  көрінеді. Сонда, сіздің құрметіңізді сезінген күйеуіңіз сізге екі есе құрмет көрсететін болады.

  1. Бағалау.

Еріңіздің барлық қырын бағалаңыз. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. Сонда отағасы сізге бар жылуын төгіп, аса бағалайтын болады.

  1. Разы болу.

Күйеуіңіздің сіз үшін, отбасы үшін жасап жатқан күнделікті жұмыстарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ынта-ыждаһатын, отбасына деген қамқорлығын әрдайым бағалайтыныңызды білдіріп, ризашылығыңызды көрсетіңіз. Сонда, еріңіз сіздің демеуіңізді сезініп, арқалана әрекет ететін болады. Сәйкесінше ісі берекелі, тірлігі табысты болады. Әрбіл ұлы еркектің артында ұлы әйелдің тұратынын ұмытпаңыз.  

  1. Сүйіспеншілік.

Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп отырыңыз. Әйел адамға сүйіспеншілікті сезіну қандай маңызды болса, ер адам үшін де аса маңызды. 

  1. Бойсұну.

Алла Тағала басқаларға қарағанда Өзінің жаратқандарын жақсы біледі. Алла бізді әртүрлі етіп жаратты әрі еркек пен әйелдің бақыты үшін ненің қажет екенін Ол жақсы біледі. Алла Тағала еркекті отбасының басшысы етті, ал әйелді көнгіш әрі бой ұсынғыш етіп жаратты. Тек осылай болғанда ғана отбасында тәртіп пен рақат өмір болады.

Әйел адам көнгіштігін көрсете отырып, күйеуіне бағынады, осылайша, Алладан алған табиғатын толықтырады және нағыз мұсылман-әйел ретінде өзін көрсетеді. Күйеуіңізден бір табан төмен тұрудан арланбаңыз. Оны күйеуіңіз міндетті түрде бағалайтын болады.

  1. Алла Тағаламен арадағы байланысты нығайту.

Сіз Аллаға жақын болған сайын сізді көптеген адамдар, соның ішінде, күйеуіңіз де жақсы көріп, сыйлайтын болады. Аллаға жақын пенденің жүзінде кез келген сұлулықты басып кететін нұры болады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат