Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түсті кімге айту керек

muftyat.kz 06.03.2018 1443 0 пікір

 

Әбу Саид Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы түстердің таңға жуық уақытта енетінін айтқанын жеткізген. (Тирмизи)

Ибн Хажар әл-Асқалани: «Таңға жуық уақытта көрген түс жорылған сәтте орын алады»- деп жазады. Сонымен бірге, бұл жерде ер мен әйел адамның түсінде айырмашылық болмайтынын көрсеткен. (Фатх, 12\390).

Әбу Һурайра пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Тек шындықты сөйлейтін адамның түсі де шынайы болады»,- деп айтқанын жеткізеді.  (Ибн Мәжә)

Әбу Разин Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Түс жорылғанға дейін аспан мен жердің ортасында қалқып тұрады. Қалай жорылса, солай жерге түседі. Сондықтан да, түстеріңді жақсы көретін адамдарыңа ғана айтыңдар»,- дегенін жеткізген. (Тирмизи)

Бұл жерден көрген түсті өзіңізді ұнатпайтын немесе қастық ойлайтын адамдарға айтудың қажеті жоқ екенін аңғарамыз.

Әбу Һурайра Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Түстеріңді ғалым адамға немесе сізге тек жақсылық тілейтін адамнан басқаға айтпаңдар»,- деп айтқанын жеткізеді.  (Шамаил Кубра)

Сондықтан да көрген түсіңізді барлық адамдарға айта беруге болмайды. Түсті жори алатын әрі тақуалығымен танымал болған ғалымдарға айтқан жөн. Егер түс жаманшылықа қарай жорылатын болса, онда түс көрген адам сол жамандыққа ұшырауы мүмкін. (Фатх, 12\369)

Түс жору – өте нәзік ғылым, ол үлкен тақуалық пен ақылды, сонымен қатар, ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалардың түс жору ілімінен хабары бар болуды талап етеді.

Жоғарыдағы айтылғандардан түс жорудың нақты әрі қатып қалған қағидасы жоқ екенін аңғаруға болады. Ал түс қалай жорылса, солай орындалады, сондықтан да кейбір қарапайым адамдар айналасындағы орын алып жатқан жайттарды түсімен байланыстыра береді, ал мұның пайдасынан зияны көп.  

Егер түс жори алатын адамды нақты білетін болса, оған барып түсін жорыта алады, алайда танымайтын адамға барып жорыту өте қауіпті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат