Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ӘЙЕЛІҢ АҚЫЛДЫ МА, ДАНА МА?

Шынар Әбілда 09.04.2018 1266 0 пікір

 

Ақылды әйел болу жақсы. Бірақ көреген әйел болу одан да артық. Даналық ақылдан несімен ерекшеленеді?
Ақылды әйел ерінің қатесін көріп, көзіне шұқиды. Бұл туралы ескерткенін еске салады. Дана әйел қолдайды, қолпаштайды, кейде байқамағансиды. 


Басқа күн туса, ақылды әйел тізгінді қолына алады. Күйеуіне қалай дұрыс өмір сүру керектігін көрсетеді. Дана әйел байқаусызда тек бағытты нұсқап жіберіп, сол жолда үнемі қасынан табылып отырады. 


Ақылды әйел балаларына математиканы қандай жағдайда да үйретеді. Ал дана әйел әр баланың бойынан тұлғаны таниды. 


Ақылды әйел жұмыста өзгелерден артық болуға тырысады. Қате жасамауға барын салады. Соған қарамастан ұжымның көпшілігі онымен сақтықпен араласатын болады. Дана әйел жұмыс орнына жылу сыйлап, әр әріптесімен сыйластық орнатады.
 

Ақылды әйел ересек ұл-қызының ісіне араласып, олар сұрамаса да кеңес беріп, ақыл айтып, баланы қалай дұрыс өсіру керектігімен мазалайды. Дана әйел балаларына өзіндік тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп, ештеңеге араласпайды, тек қажет кезінде қолдау танытады. 


Ақылды әйел енесінің ықпалынан шығуға ниет қылады. Ата-анадан тәуелсіз кетіп, еркін өмір сүруге тырысады. Олардың ақылына құлақ салмайды. Сол үшін ұрысуға да барады. Дана әйел ақыл айтқан адамға жымиып, үндемей келіседі. Бірақ бәрін өз ақылымен шешеді. Махаббатпен таңдау жасайды. 


Ақылды әйел бүкіл әлемді өзгертіп, тірі жанның бәрін қайтып тәрбиелегісі келіп тұрады. Дана әйел өзі өзгеруге бел байлайды. Өзгелерді де қалай бар болса, солай қабылдай біледі. 



Ақылды әйел кімдікі дұрыс болса, сол бақытты деп ойлайды. Ал дана әйел кім бақытты болса, соныкі дұрыс екенін біледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат