Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ОҚУ-БІЛІМ ЖАЙЛЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕР

muftyat.kz 03.09.2018 894 0 пікір
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. Ендеше назарларыңызға білім туралы аят-хадис, нақыл сөздерді ұсынамыз.
«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді» («Алақ» сүресі,1-5 аяттар)
«Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» («Зумар» сүресі, 9-аят)

«Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз»

(Хадис) 

«Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді»

(Хадис) 

«Ғылымның жоғалуы - ғалымдардың өлімімен болады. Жаным құзырында болған Алланың атымен ант етемін, Алла разылығы үшін өлген шейіттер ғалымдарға берілген жоғарғы дәрежелерді көргенде, ғалым болу үшін дүниеге қайта келуді тілейді»

Ибн Масғұд

«Ілімсіз ғибадатта, түсінбей оқыған ілімде және ойланып, мән бермей оқуда еш жақсылық пен берекет жоқ»

Али ибн Әбу Талиб 

Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді.

Н.Ә. Назарбаев

Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. 

Н.Ә. Назарбаев 

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов

Оқу – білім қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

Сәкен Сейфуллин

Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – өрлеу де болмас еді.

Әлкей Марғұлан

Білімдінің сөзі – ем, Мейірімі көп, өзі кең!

Мағжан Жұмабаев

Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң, Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат