Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ПСИХОЛОГИЯҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Ермек Алтайұлы 04.10.2018 1697 0 пікір

Модерн психология емдеуге һəм əсерлі дəруменге мұқтаж. Себебі, бұл психологияның басынан бақайшағына дейін тұнып тұрған ауру. Неліктен?- дейсіз ғой!
Модерн психология (заманауи салт-сана) адамның өзгеруге құмбыл қабілетін жоққа шығарып, өзінің нəпсəни əлсіздігіне буындырып тастайды. Мұндай сана кез-келген қылмысты ақтап алып, "заманның ағымы" "ғылымның жетістігі" деп қорғаштаумен болмақ. Мәселен, "Мен ашулымын, маған ашуланған кезімде ештеңе демеңдер" дейтін адамдарды көп кездестіреміз. Бұл модерн психологияның көрінсі. Ал сонда өзін тәрбиелеу қайда қалды? Жақсы қасиетті жетілдіру қайда кетті? Осылай айту арқылы өзіміздің жарқын болашағымыздан үміт үзгеніміз ғой..

Егер біз адамдарды "Бұл сезімтал адам", "Бұл əсершіл жан" т.б. деп өз кемшілігіне қарап қарым-қатынас жасайтын болсақ, ол адам алдымызға келгенде "Уай, бауырым мен сезімтал адаммын. Сондықтан, маған соны ескеріп жақындаңдар" деуі əбден мүмкін. Демек, жетілмеу үшін, дамымау үшін əркімнің бір сылтауы бар. 

Егер Раббул аламинге иман келтірген болсақ, өз өзімізді тәрбиелеуге міндеттіміз. Кемдігіңді кемелдікке, салақтықты сергектікке, жалқаулықты елгезектікке қарай өзгертуге хақылымыз. Өйткені, өмір - күрес. Тəніңіз қалай жетілсе, жаның да жетімсіреп қалмауын қадағалап тұруың керек. Ақылыңыз да, талап-тілегіңіз бен талғам-танымыңыз да жетілуі керек.

Адам баласына мұндай мүмкіндік берілмегенде "Фатыр" сүресінің 2-аяты түспейтін еді. Раббымыз жаратқандарының ішінде қалағанына һəм қалағандарға рахмет қазынасын ашады. Алла оны кімдерге, қай уақытта қалайды? Пенделер өздеріне берілген ерік-жігер арқылы қабілеттерінің артуын қалағанда Халиқ болған Алла да оның кемелденуін қалайды.

"Уа, Раббым! Қабілетімді арттыра түс, мен бұл үшін жанымды пида етемін" дей алғанда Жаратушы да ол адамның өзгеруге деген шабытын шыңдап, қабілетін арттырады. Демек, "Мен сондаймын, өзгермеймін" десек, өз əлсіздігіміздің құлақ кесті құлы болатынымызды ұмытпауымыз керек. Ондай ойдағы жандар Ұлы Тəрбиешіге құл бола алмайды!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат