Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ НЕГЕ ЖАСЫРЫЛҒАН?

27.05.2017 2385 0 пікір

 

Имам Бұхариден жеткен хадисте былай келтіреді: Жәбрейіл (а.с) Пайғамбарымызға (ﷺ) Рамазан айында Қадыр түні қай күні екендігін баяндап береді. Пайғамбарымыз (ﷺ) бұны естіген соң мұсылмандарға хабар беру үшін, үйінен мешітке шығады. Жолда екі мұсылман бір-бірімен ұрысып жатқанын көріп, Пайғамбарымыз (ﷺ) Қадыр түні қай күн екендігін ұмытып қалады». Осылайша, Алла Қадір түнін ұмыттырды. Әбу Сағид (р.а.) риуаят етуінше Алла елшісі (ﷺ): «Расында маған Қадір түні көрсетілген еді, содан соң ол маған ұмыттырылды. Дегенмен, оны (рамазанның) соңғы ондығындағы тақ (түндерден) іздеңдер» (Бұхари) деген.

Алла Тағала барша қадірін сыйдырып қойған осы түн, мұсылмандар үшін қасиетін ешқашан жоғалтпақ емес. Сол себепті де ғұлама ғалымдар, рамазанның соңғы тақ он күнін толықтай ғибадатпен өткізуге тырысқан. Қадір түнінің қай түн екендігі  нақты белгісіз болуы əр күнін оразамен өткізген мұсылманның əр түнін де құлшылықпен өткізу керектігіне ишара болса  керек. Алла Тағала адамзатқа өлімнің қашан келетінін, қиямет күнінің қашан келетінін жасырып қойған. Сол секілді қасиетті жұма күнінде дұға қабыл болатын сəт жасырылған. Сондықтан мұсылманның жұма күнінің барлық сəтін дұғамен өткізуі тиіс. Демек, мейірім айының əр күнін оразамен өткізген жан əр түнін де құлшылықпен өткізгені абзал. Сондай-ақ, дұға етсе қабыл болатын Алланың көркем есімінің бірі, Алланың ашуын тудыратын күнәлі іс, керісінше Алланың рақымына бөлететін қайырлы амалдар да жасырулы. Осылармен қатар қасиетті Рамазан айында қасиетті Қадір түнінің жасырылуынан да адамзат үшін пайда барлығын көреміз. Сол түнді іздеп әр түнін құлшылықпен өткізген жанның сауабы шексіз болар. Дегенмен, ғұлама ғалымдар Құран мен Алла елшісінен (ﷺ) жеткен хадистерге сүйене отырып, біздің күнтізбе бойынша қай күнге тура келетінін есептеп, рамазан айының 27-ші түні Қадір түні деп бекіткен. Әбу Хурайрадан (р.а.) ол: «Алла елшісі (ﷺ): «Кім Қадір түнін иманмен және сауап алу үмітінде құлшылық етіп өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», - деп айтты», - деген (Бұхари).

Алланың рақымына бөленетін түнді өткізіп алмайық!

 

Айтқазин Рауан Төлеубекұлы

Балқаш қалалық орталық мешіттің наиб имамы


Барлық құқықтары қорғалған.

Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру