Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бас мүфти Алматыда алғашқы жұма уағызын жүргізді (ФОТО)

11.12.2017 1186 0 пікір

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы Орталық мешітінде алғашқы жұма уағызын жүргізді.

Ержан қажы Малғажыұлы жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразды таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Қасиетті күннің жұма намазынан соң Жаратқаннан жақсылық тілеп, дұға жасады. Ақсақалды қариялар ел мен жердің тыныштық, татулығының мығым болуын сұрап, бата-тілектерін арнады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру