Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ БАС КЕҢЕСШІНІ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

05.02.2018 535 0 пікір

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісінің дін істері жөніндегі Бас кеңесшісі Галиб Акын мырзаны қабылдады.

Мәртебелі мейман уақыт бөліп, ресми қабылдауға мүмкіндік жасаған Бас мүфтиге алғысын жеткізді.

Кездесуде Бас мүфти мен жаңадан тағайындалған Бас кеңесші Қазақстан мен Түркия мұсылмандары діни басқармалары арасындағы келісім аясында жүзеге асып жатқан жобалар жайлы әңгімелесті. Галиб Акын Түркия тарапынан Қазақстан мүфтиятына қолдау көрсету шаралары жалғаса беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы дін қызметкерлерінің бауырлас елде білім алуына жан-жақты мүмкіндік жасаған түркиялық әріптестеріне айрықша алғысын айтты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру