Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІНДЕ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

08.02.2018 313 0 пікір

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Сауд Арабиясы Корольдігіне (САК) ресми сапармен барды.

Сапар аясында САК Қажылық министрлігінің лауазымды қызметкерлерімен бірқатар ресми кездесулер өткізіп, қажылыққа қатысты мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.

ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Қажылық министрлігіне қарасты Көлік кәсіподағы мекемесінде өткен кездесуінде қазақстандық қажыларды тасымалдау барысында қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалау жұмысына назар аударды. Кәсіподақ басшылары бұл мәселеге жіті көңіл бөлетінін жеткізді.

Бас мүфтиді ресми қабылдаған Қажылық министрінің орынбасары Абдулфаттах бин Сүлеймен Машшат мырза Серікбай қажы Оразды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Осы кездесуде тараптар қажыларды тікелей тасымалдау, олардың денсаулығын бақылау, құжаттарды рәсімдеу, қажылық фирмаларының жалпы жұмысын үйлестіру, т.б. мәселелерді жан-жақты пысықтады.

Бас мүфти бастап барған қазақстандық делегация құрамында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, ҚМДБ Қажылық бөлімінің бас маманы Қанат Бекжанов, Бас консул Талғат Шалдановтар болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру