Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ГЕРМАНИЯ МЕН ШВЕЦИЯДАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 15.06.2017 543 0 пікір

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Германияның Мюнхен қаласынан келген Сүлеймен Шадкам мен Щвецияның Весторос шаһарынан Елордаға келген Зафер Алтайды қабылдады.

Кездесуде шетелдегі қандастарымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. Бас мүфти Діни басқарманың жұмысын жан-жақты баяндап, шетелде тұратын қазақтар туралы пікірімен бөлісті.

Сүлеймен Шадкам мен Зафер Алтай Швеция еліндегі Весторос қаласында  мешіт тұрғызу туралы жоспарлары бар екенін, осы бағытта жомарт жандарды сауапты іске атсалысуға шақырып жүргендерін жеткізді. ҚМДБ төрағасы қандастардың бұл бастамасына қолдау білдіріп, жұмыстарына береке тіледі.

h=

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат