Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбеліктерге «Ораза тағылымы» атты тегін кітапша таратылды (ФОТО)

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі www.muftyat.kz 17.06.2017 185 0 пікір

Қасиетті ай Рамазанның құрметіне жуырда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің арнайы тапсырысы бойынша «Ораза тағылымы» атты шағын кітап басылып шықты. Кітап 10 000 дана тиражбен тарап, Ақтөбенің барлық 66 мешітіне үлестірілген болатын.

Исламтанушы ғалым Жалғас Садуақасұлы құрастырған құнды еңбек бүгін, жұма күні қалың жұртшылыққа таныстырылып, "Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешіті және  қалалық орталық мешіттерінің жамағатына таратылды.

Кітапша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған, ораза ұстауға ниетті барша оқырман қауымға арналған шағын еңбек. Мазмұнында оразаның парыздығы, ораза тұтудың шарттары мен мәкрүһтері, бұзатын және бұбайтын амалдар, сондай-ақ, пітір садақа туралы толық әрі жинақы мәлімет келтірілген.

Аталмыш кітапшаның басылып шығуына елге есімі белгілі азамат, экономика ғылымдарының кандидаты Арсен Маратұлы демеушілік еткен болатын. Ақтөбеліктерге қолдау білдіріп, игі істің жүзеге асуына себепші болғаны үшін Арсен Маратұлына ұжым атынан алғысымызды жеткізе отырып, ісіне ырыс, береке тілейміз. Және де осынау құнды еңбек қолына тиген барша оқырманнан өтінеріміз: жерлестері марқұм Марат Тұрдыбекұлының рухына бағыштап, дұға тілесе деген игі тілек.

 MG 4407

 

 MG 4424

IMG 3634

 

IMG 3777

 

 MG 4436

 

 MG 4438

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат