Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Маңғыстау: Облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасы ауыз ашарда

ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі www.muftyat.kz 17.06.2017 184 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіті әр күні түрлі мекеме қызметкерлерін ауыз ашарға шақырып, қонақ етуде. Кезекті ауыз ашар дастарханының қонағы Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Байжанов Бекболат бастаған спорт саласының қызметкерлері болды.

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков мешіт шақыруын қабыл алып, ауыз ашар дастарханына келген Облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма қызметкерлеріне алғысын айтты. Өкіл имам қасиетті рамазан айы жайында уағыз айтып, рамазан айының артықшылығын түсіндіріп өтті. Шарапаты мол айдағы тілегіміз бен құлшылығымызды Алла қабыл етсін деп дұға етті.

Келген қонақтар мешіт тарапынан жасалған игі шара үшін алғыстарын айтып, рамазан айымен құттықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат