Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбе: Деструктивті ағымдағы 170 адам райынан қайтты

www.kazislam.kz 17.06.2017 261 0 пікір

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы дін бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында осындай мәлімет жарияланды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері деструктивті ағымға ерген 170 адам дәстүрлі діни ұстанымға қайтқан. Жергілікті билік бұл көрсеткішті дін қызметкерлері корпусының кадрлық әлеуетін көтеру, мақсатты топтар арасында алдын алу шараларының күшейтілуі, сондай-ақ, республиканың білікті теологтарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі нәтижесімен түсіндірді.

Бұл бағыттағы жұмыста имамдардың білімі мен біліктілігін көтеруге де ерекше көңіл бөлінеді. Облыстық дін істері басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта өңірдегі имамдардың 63%-ының жоғары және орта діни білімі бар. Бұдан бөлек, 80 ақтөбелік имам Қазан қаласындағы Ресей ислам институтында және Алматыдағы «Нұр-Мүбәрак» университетінде білім жетілдіруде, ал Ақтөбе медресесі колледж мәртебесін алды.

Аймақ басшылығы экстремизм мен терроризм профилактикасын күшейтуді зерттеулер мен жаңа әдістерді енгізу арқылы жүргізуді жоспарлайды. Осыған сәйкес тиісті тапсырманы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев уәкілетті органдарға жүктеді. Әкім сондай-ақ, облысқа қарасты барлық аудандарда «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы сынды орталықтар ашуды тапсырды. Облыстық дін істері басқармасы жетекшісі Жолдас Қалмағанбетов бұған сәйкес орталықтар қазіргі күнде Мұғалжар мен Темір аудандарында құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізіп отырғанын хабарлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат