Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Иманғали» орталық мешіті жас жамағаттарға ауызашар ұйымдастырды (ФОТО)

ҚМДБ Атырау өкілдігі www.muftyat.kz 19.06.2017 63 0 пікір

15-маусым күні «Иманғали» орталық мешіті ұжымы қаладағы «Ифтар» мейрамханасында ауызашар дастарханын ұйымдастырды. Ауызашар дастарханының құрметті қонағы мешіттің жас жамағаттары болды.

 ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен ұйымдастырылған ауызашар дастарханында мешіттің азаншысы Арман Урумбаев және жас ұстаз Еламан Бегалиевтер Рамазан айындағы ораза құлшылығы туралы уағыз-насихат айтты.

«Рамазан айында ораза тұту – бұл жасаған күнәлар кешіріліп, жасаған жақсылықтар сансыз еселеніп жазылатын қасиетті ай. Рамазан айының оразасы кезінде алатын рухани ләззат нығметін айтып жеткізу мүмкін емес. Алла Тағала баршамыздың тұтқан оразамызды, жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей», – деді А.Урумбаев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат