Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Салт-дәстүрім – асыл қазынам

Нұрлан САМАТҰЛЫ 18.06.2017 370 0 пікір

 

Жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – өз халқымыз. Біздің халқымыздың тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойғы еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнегелері соның айғағы.

Қазағымыздың ұлттық болмысы болған өнері мен ойындарынан тұрған, «БҚО Жастар ресурстық орталығы» КММ мен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің Рамазан айындағы бірлесе ұйымдастырған «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты мерекелік шарасы бүгін облыстық мешіттің ауласында өтті.

Ұлттық спорт түрлерінен арқан тартыс, қол күрес, тоғызқұмалақ, гір көтеру, асық ойын сайысынан сынға түсті. Барлық қатысқан спортшыларға орталық атынан сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат