Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Иманғали» орталық мешітінде қайырымдылық пакеттері таратылды (ФОТО)

ҚМДБ Атырау өкілдігі 19.06.2017 122 0 пікір

16-маусым күні «Иманғали» орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай  мұқтаж жандарға қайырымдылық пакеттері таратылды. Осымен екі жыл бойы дәстүрлі түрде үзбей ұйымдастырылған қайырымдылық көмекке өтініш білдіргендердің қатары биыл да көп болды. 

«Жерде бір жетім қуанса, көкте мың періште қуанады», – дегендей  әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі мүгедектер және асыраушысы жоқ көп балалы аналар мен жетімдерге көмек қолын созуды мақсат еткен қайырымдылық шарасының мақсаты осы – көмекке мұқтаж жандардың аз да болса көңілін көтеріп, қолтығынан демеу.

Қашан да қайырымдылыққа ерекше мән беретін ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы аталған шараны ашып, Рамазан айында жақсылық жасаудың сансыз сауапқа кенелтетін құлшылық болып табылатынын айтты.

«Қасиетті Рамазан – құлшылық айы. Бұл айда жасалған қайырымдылықтың сауабы сансыз еселенеді. Алланың үйінен медет тілеп, көмек сұрай келген жандарға есігіміз лайым да ашық. Жағдайы жоқ жанға көмектесу – бұл пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті. Алла Тағаланы разы ететін амал. Сондықтан да шын ықылас, шын ниетпен сіздер үшін дайындалған сыйымызды қабыл алыңыздар»,  – деді өкіл имам.

Айта кету керек, шара барысында 210 отбасыға қайырымдылық пакеттері  (макарон, күріш, қант, өсімдік майы, жұмыртқа, т.б.) таратылды. Сондай-ақ, шараның әрбір қатысушысы арнайы тігілген киіз үйлерде еркімен қалаған киімдерін таңдап алып, мәре-сәре қуанысып, тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат