Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Діни ілім алғысы келетін шәкірттер саны артып келеді

ҚМДБ Қызылорда өкілдігі www.muftyat.kz 19.06.2017 243 0 пікір

Ислам дінінде білім алудың маңызы өте зор. Ислам діні бойынша ең көркем бейнеде жаратылған адам баласы өзін оқу, білім алу арқылы дамытуы керек. «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деген аяттың өзі-ақ білім иесінің дәрежесін көрсетіп тұрғандай.

Жыл сайын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті еліміздегі Ислам институты мен медреселерге шәкірттер жіберіп, білімді имамдар санының артуына үлес қосып келеді. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тапты.

Діни білім алып, Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосқысы келетін шәкірттермен бас имам Омаров Талғат Сейіткәріұлы кездесіп, ұсыныстар жіберілді.

Кездесу барысында бас имам Т.Омаров бұл бағытта білім алу мен дінге қызмет етудің маңыздылығын, жауапкершілігін түсіндіріп, шәкірттерге ақ жол тіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат