Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БІР ОТБАСЫНЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫНА КӨМЕК БЕРІЛДІ

ҚМДБ Қызылорда өкілдігі www.muftyat.kz 19.06.2017 786 0 пікір

Ислам діні қашанда мейірімділікке, қамқорлыққа, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Қоғамда әлі де болса көмекке зәру отбасыларының бары рас.

Хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын. 

Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің бастамасымен қаладағы төтенше жағдайлардан кейін баспанасыз қалған отбасына көмек көрсетілді.

Яғни, бір отбасының баспаналы болуына жағдай жасалып, қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп берді. Бұл қайырымдылық ізгі іске қаланың барлық мешіттері атсалысты.

Өз кезегінде көмек алушы көпбалалы ана игі шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысын жаудырып, рахметін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат