Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітінде сүндетке отырғызу шарасы өтті (ФОТО)

ҚМДБ ШҚО өкілдігі www.muftyat.kz 19.06.2017 149 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Өскемен қаласы тұрғындарының сұранысымен сүндетке отырғызу шарасы өтті.

Демалыс күні облыстық мешіттің ауласы ата-аналары жетелеген жасөспірім балаларға лық толды. Осыған қарап-ақ ұлтымыздың мұсылмандыққа деген құлшынысын, пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған сүндет жасатуға деген талпынысын анық аңғаруға болады.

Сүндетке баласын әкелген қала тұрғыны: «Мешіт басшылығы біздің өтінішімізбен сүндет жасату шарасын ұйымдастырып отыр. Ұл баланы  сүндеттету ата-анасының бір міндеті болса керек. Бүгін балаларды осында әкеп отырмыз. Қасиетті Рамазан айында бұл бір үлкен сауапты іс болды» дей келе, мешіт ұжымына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат