Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шығыста «Халал» қатары «Адал ет» өнімімен толықты

ҚМДБ ШҚО өкілдігі www.muftyat.kz 19.06.2017 229 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орталық аппараты халықтың денсаулығын сақтау бағытында елді адал өнімдермен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты Өскемен өңірінде кәсіпкерлерге «Халал» сертификатын алудың маңыздылығы барынша насихатталуда. Осындай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Шығыста «Халал» мәртебесіне ие болған кәсіпорындар саны өсе түсуде.

Өткен жұма күні Өскемендегі Халал қатары «Адал ет» деп аталатын өніммен толықты. Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Жұма намазында «Адал ет» ЖК иесі Лапаев Бакирге «Халал» өнімдерінң сертификаты табыс етілді.

Өскемен өңірі бойынша «Халал» өкілі Досжан Үмбет: «Бүгін Халал өнімдер қатарына «Адал ет» өнімі өтті. Сертификатын сіздердің алдарыңызда тапсыруды жөн санадым. Халал өнімдерді тұтыну адамның денсаулығына да аса маңызды екендігі даусыз. Алдағы уақытта Халал қатарына өтетін кәсіпорындар бар» деп атап өтті, ол сертификатты тапсыру барысында.

Ол сонымен қатар кәсіп иесіне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат