Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақмола: Өкіл имам аудандарды аралады (ФОТО)

ҚМДБ Ақмола өкілдігі 30.06.2017 1112 0 пікір

Ақмола облысының имамы Қуаныш Сәбит жұмыс сапарымен облыстың бірқатар аудандарын аралап, жергілікті жердегі діни ахуалмен жан-жақты танысты. Алдымен Есіл ауданында болып, жергілікті мешітте ақсақалдар алқасымен кездесті. Олармен шариғат жайлы ой бөлісіп қасиетті Рамазан айында атқарылған шараларға қанықты.

Аудан әкімінің орынбасары Дастан Берікұлымен болған кездесу кезінде жергілікті мешіттерді тіркеу және оның құжаттарын жүйелеу жайы кеңінен сөз болды. Діни миссионерлік қызметті жүзеге асыру, осының аясында жаназа рәсімдерін жүргізетін молдаларға берілетін арнайы миссионерлік құжат жайлы да айтып берді.

Аудан орталығындағы зиратта болып, ондағы жерлеу рәсімдері қалай жүзеге асып жатқанын көрді. Мұнда қазір қабірстандарда биік күмбездер салу тоқтатылып келеді. Тек, тас қана орнату өз шешімін таба бастады.

Өкіл имам Жақсы және Атбасар аудандарын аралаған кезінде де осы мәселелерге назар аударды. Бұл өңірлерде де діни рәсімдер жақсы қолға алынғанын айту керек. Мысалы, Атбасар ауданында жаназа кезінде ысырапқа жол беру тоқтатылды.

Атбасар аудандық мешіті жанында салынып жатқан медресе құрылысымен де танысты. Мұндай діни оқу орындарын облыс орталығынан шалғай жерлерде ашу аса қажет.

Сапа соңында асыл пайғамбарымыздың бір тал сақал шәрифін бабаларынан мирас етіп сақтап келген Фатима әженің отбасында болды. Облыстың жаңа имамына өз батасын беріп, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат