Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

"Иман" журналы шығармашылық бәйге жариялайды (Бас жүлде - кіші қажылық)

"Иман" журналы 30.06.2017 1878 3 пікір
Қазақстан мұсылмандары діни басқарма-сының төл басылымы «Иман» журналы "Қайырымдылыққа қалай қарайсың?" тақырыбында ғибраттық-танымдық шағын әңгімелерге шығармашылық бәйге жариялайды.

Жаһандану заманында адамдардың бір-біріне деген қадір-құрметі кеміп, мейірімі азайған кезде қайырымдылықтың алар орны ерекше. Қайырымдылық халқымыздың қанында болғандықтан оны қашанда қастерлі санап, ұрпағын ізгілік пен бауырмалдыққа баулыған.

Әдебиет – ардың ісі. Тіл мен әдебиет ұлттың руханиятын байытуға қызмет етуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сөзде сиқыр бар», - деп сөз өнерін ерекше бағалаған. Кезінде Би ағаң (Бейімбет Майлин) секілді шағын әңгіме жазудың шебері өз заманының шындық-болмысын көркемсөзбен төгілте суреттеген. Бүгінгі күннің көпке ой салар, үлгі етер ғибратты шындығы да қолына қалам ұстағандардың әңгіме желісіне арқау болып жатса құба-құп. Мақсат – ұлтымыздың табиғатындағы осы игі қасиетті оқырман жүрегіне жеткізу арқылы оның өріс алуына атсалысу. Осы бәйгенің талабы да мұсылман өміріндегі ең құнды, ардақ тұтар ізгілік пен қайырымдылық шығарма өзегіне айналуы тиіс.

Бәйгеге жіберілетін әңгімелер көлемі – 3-4 беттен (компьютермен терілген, 14-қаріп (Times New Roman) аспауы тиіс. Бізге жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған (әлеуметтік желілерде де) және ешқандай байқауларға қатыстырылмаған болуы керек. Бәйгеге қатысатын шығармаларыңызды bayge2017@gmail.com электронды поштамызға жолдай аласыздар. Шығармалар 2017 жылдың қазан айының 1-не дейін қабылданады. Қоржынымызға түскен әңгімелер қазылар сүзгісінен өтіп, тиісті жүлделері табысталады.

 

Бәйге жүлделері:
Бірінші  орын умра қажылығы;
Екінші  орын 150 000 теңге;
Үшінші  орын 100 000 теңге;
Ынталандыру  сыйлықтары 50 000 теңгеден үшеу.
 

Пікірлер (3)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Нурмаганбетова Кания | 23.08.2017 10:28

Сəлеметсіздер ма? Білгім келгені. Сіздерде жарияланған алдынғы жарыстын қорытындысы қашан шығады екен. "Ислам жəне əйел" такырыбындағы.

Асия Рышкен | 01.07.2017 09:45

Әс сәляму әлейкум. Осындай жарыстар ұйымдастырып жатқандарыңыз үшін Алла разы болсын. Тек білгім келгені - алдынғы жарыстың қорытындысы не болды? "Ислам және әйел" тақырыбында мақалалар жарысын ұйымдастырып едіңіздер ғой. Осы сайтқа қорытындысы шығады деп едіңіздер. Жауабын күтемін.


muftyat | 01.07.2017 10:30

Асия Рышкен, уағалейкум әссалам! Әмин, Алла баршамыздан разы болсын! "Ислам және әйел" тақырыбында мақалалар жарысының қорытындысын міндетті түрде жариялайтын боламыз

Ұқсастар

Мұрағат