Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Еңбектері бағаланды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі 04.07.2017 147 0 пікір

Кеше ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық мешітінің Бас имамы Тілепберген Нұрәлиев пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметовты арнайы қабылдады.

      Алдымен Руслан қажы Тыныштықұлы өткен ораза айт мерекесімен құттықтады. Жалпақтал ауылдық мешітінің Бас имамы Тілепберген Ахметжанұлы көп жылдан бері имандылық жолында аянбай етіп, рухани шараларын облыстық деңгейде өткізіп келеді. Бойында ұйымдастырушылық, басшылық қабілеті бар, нағыз иманды азамат. Осындай игі шарасын бағалап, Тілепберген Ахметжанұлына қаржылай сыйлықты табыстады.

         Ал, облыстық дін істері басшысы Талғат Нығметов 7 жыл абыройлы қызмет жасап, дін саласында еңбегі сіңіп, табысты қызмет атқарды. Талғат Рақымұлы БҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің меңгерушісіне тағайындалып, жаңа еңбек жолына сәттілік тілеп, қазақтың салтымен иығына шапан жапты.

      Жиында соңында Талғат Нығметов пен Тілепберген Ахметжанұлы сөз алып, арнайы шақырып, сый-құрметтеріне ризашылықтарын жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат