Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жаназа және жерлеу рәсімдерінің реттілігі түсіндірілді

Жуырда ғана ақтөбелік жамағатқа таныстырылымы өткен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабы халық арасында кеңінен насихаттала бастады. Оңды істі алғашқылардың бірі болып қолға алған облыстағы әйелдер-қыздар секторы, соның ішінде, «Инабатты бойжеткендер» мектебі дәл осы тақырыпта танымдық дәріс өткізді. Оған «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті мен әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының шәкірттері, тақырыпқа қызығушылық танытқан өзге де апа-әжелер, қыз-келіншектер қатысты.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұстазы Диляром Бектаева кітап мазмұнына қысқаша шолу жасап, жаназа мен жәрлеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті. Соның ішінде, адамға ажал сәті тақағаннан иманын үйіріп, оған кәлима сөздерін қайталап отыру  сынды әдеп-амалдар, мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіттің әуретіне қарамау, ерді ер, әйелді әйел адамның, мүмкін болса ет жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа намазы туралы егжей-тегжейлі айтып, түсіндірілді. Сондай-ақ, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Мешіттен тәжірибеден өтуші студент Радина Бимолдина қуыршақ арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетіп, бұл қатысушылардың тақырыпты толық түсінуіне септік етті. Танымдық дәрісті дәптерлеріне  тапжылмай жазып отырған қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар жолдап,  өздеріне қажетті мол мағлұмам алды.

Сауат ашу курсының оқыту бағдарламасында қамтылған тақырып толықтай ашылып, қатысушыларға өкіл имамның атынан «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы сыйға берілді.

IMG 20170707 WA0077

IMG 20170707 WA0078

IMG 20170707 WA0079

IMG 20170707 WA0080

IMG 20170707 WA0071

IMG 20170707 WA0070

IMG 20170707 WA0076

IMG 20170707 WA0081

IMG 20170707 WA0073

IMG 20170707 WA0074

IMG 20170707 WA0066

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат