Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Дінтанушы ғалым Б.Сатершинов магистранттармен зерттеу тәжірибесін сәтті аяқтады

Нұр-Мүбарак университетінің магистранттары бір айға созылған зерттеу тәжірибелерін аяқтады. „Дінтану„ саласы бойынша ғылым ізденішілер тобы ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында өз бағыттары бойынша филос.ғ.д., доцент Бақытжан Сатершиновтың жетекшілігімен зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ең әуелі институттың тыныс-тіршілігімен танысып, дінтану саласы бойынша өздеріне жүктелген түрлі тақырыптармен бірге болашақ диссертациялық жұмыстарына да тың деректер мен сараптаулар жасады.

Институттың Дінтану бөлімінің ғана емес, жаңадан құрылған бүкіл еліміздегі дінтанушылар қауымдастығының төрағасы Бақытжан Сатершинов мырзаның жас ғылым ізденушілеріне айтар ақыл-кеңесі мен берер бағыт-бағдары да қашанда келелі екені сөзсіз. Өз кезегінде Бақытжан Сатершинов мырза „Нұр-Мүбарак„ университетінің бағыт-бағдары мен атқарып жатқан жұмыстарына, басшылығына шынайы ризашылығын білдіріп, магистранттардың жұмыстарына өз бағасы мен ескертпелерін айтты.

Магисранттар да әлемдік діндер мәселесін ғана емес, еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша көкейлеріндегі түйткілді сауалдарын талқыға салып, жан-жақты сараптап, жаңа мақсаттарын айқындай түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат