Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Зайсанда жамағат арасында көкпардан сайыс өтті

ҚМДБ ШҚО өкілдігі 10.07.2017 335 1 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аудан имамдарына ұлттық спорт түрлерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырмалар аясында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мешіті ауыл шабандоздары  арасында көкпар сайысын өткізді.

 Сайысқа аты мен шабандозы сақадай сай бірнеше командалар қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберліктерін сарапқа салды.

 Сайысты тамшалауға аудан халқы мол жиналды. Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов: «Осы спорт түрін одан ары дамыту мен жастардың ат спортына деген қызығушылығын оятуға бірнеше шаралар жоспарланып, іске асуда. Ат спорты мен көкпар ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек» деп атап өтті, өз сөзінде.

 Сайыстың көргін қыздырып, халықтың көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар аудандық мешіт атынан марапатталды.

 

 

 

 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Аян | 12.07.2017 03:25

Зайсан ауданының бас имамы Тимурға Алла разы болсын!

Ұқсастар

Мұрағат