Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Пәтуа тағы да түсіндірілді

ҚМДБ СҚО өкілдігі 11.07.2017 660 0 пікір

Осыдан оншақты жыл бұрын жарық көрген «Жаназа пәтуасы» имам-молдалар қалталарына салып жүрген кітапша болғандықтан, қазір таптырмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы – осы олқылықтың орнын мейілінше толтырған туынды.

    Жаназа және жерлеуге қатысты діни рәсімдердің орындалуын бірізділікке түсіру мақсатын көздеген жаңа кітап сәуір айында ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлының қатысуымен «Қызылжар» орталық мешітінде өткізілген облыстық семинарда көрсетілген болатын.

    Ораза кезінде Петропавл қалалық «Нұр» мешітінде өткізілген басқосуда пәтуаның жай-жапсары әңгіме арқауына айналған болатын. Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жаназа және жерлеу рәсімдерін кеңінен түсіндірген еді.

    Сол жиындағы уәде бойынша пәтуада қамтылған жайттарды пысықтай түсу үшін облыстың бір топ имам-молдалары «Нұр» мешітіне тағы да жиналды.

    Оған орталық және қалалық, сондай-ақ Аққайың, Ғ.Мүсірепов атындағы және Қызылжар аудандық мешіттерінің бас имамдары қатысты. Онда «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы мен «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Амандықұлы жаназа және жерлеу рәсімдерінің жөн-жосығын баяндап берді. Жиын барысында мәйітті оң жаққа салудың әрқилылығына жол бермеу баса айтылды. Зәулім мазарлар тұрғызбаудың қажеттілігін түсіндіру талап етілді. Пәтуада қозғалған басқа да мәселелер електен өткізілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат