Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бүлдіршін қыздар діни сауат ашты

Қасиетті Рамазан айында жылдағы үрдіспен сауат ашу курсы болып өтті. Бүгінде 30 қыз құран әліппейін оқып, Құран нұрымен сусындады.

Сауат ашу курсында Нұр-Мүбарак университетінде ілім алып жатқан студенттер машықтан өтіп, дәріс берді.

Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Ауесханұлы қыздарға алған ілімдерін мақтан тұтыуын өсиеттеп, «Адамдардың ең жақсысы Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткен адам. Міне бүгін сіздер сол жақсылар қатарына кірдіңдер»,-деді. Бас имам бүлдіршін қыздарға мақтау қағаздарын табыстау мен қатар қасиетті мешіттер бейнеленген пазлдар сыйға тартты.

Шара соңында Бас имам қыздарға білім бұлағын сусындатқан студенттерге алғысхат табыстады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат