Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жетісудағы жүздесу

Білім алу парыз. Білім - адамды биік шыңдарға жеткізеді. Сананы оятып, көңілге қуаныш сыйлайды. Сондай бір білім үшін бас қосу Талдықорғанның төрінде орналасқан «Иман» орталық мешітінде болды.

ҚМДБ «Жалпы және Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан ұстаз, Жетісу жері жамағатымен кездесіп, байсалды да, тартымды уағызымен бөлісті.

Уағыз соңында көкей-кесті сұрақтарға жауап беріп, діни басқарманың атқарып жатқан ерен еңбектерімен бөлісіп, дұға қылып тарқасты.

Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға есендіқ, ұстаздарымызға амандық нәсіп етсін.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат